Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шiлдедегi № 471 "Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, аудан әкімінің актілерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімінің 2024 жылғы 18 қарашадағы "Павлодар облысы Ақтоғай ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 8 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Е. Машриков |