Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Армения Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшесі болып Габриелян Ваче Вазгенович тағайындалғаны туралы ақпарат назарға алынсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшелері болып мыналар бекітілсін:
Алқа мүшесі (Министр) – Арутюнян Роберт Хосрорович;
Алқа мүшесі (Министр) – Минасян Карине Агасиевна;
Алқа мүшесі (Министр) – Нранян Ара Рудикович.
3. Еуразиялық экономикалық комиссияға жалпы штат саны шегінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшелерінің 3 хатшылығын қосымша құруға рұқсат етілсін.
4. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің саны туралы" 2011 ж. 19 желтоқсандағы № 5 шешімінің 1-тармағындағы "8" деген цифр "11" деген цифрлармен ауыстырылсын.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь |
Қазақстан Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |