Армения Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшесіне және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшелеріне кандидатуралар туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 1 қаңтардағы № 103 шешімі.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Армения Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшесі болып Габриелян Ваче Вазгенович тағайындалғаны туралы ақпарат назарға алынсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшелері болып мыналар бекітілсін:

      Алқа мүшесі (Министр) – Арутюнян Роберт Хосрорович;

      Алқа мүшесі (Министр) – Минасян Карине Агасиевна;

      Алқа мүшесі (Министр) – Нранян Ара Рудикович.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссияға жалпы штат саны шегінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшелерінің 3 хатшылығын қосымша құруға рұқсат етілсін.

      4. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің саны туралы" 2011 ж. 19 желтоқсандағы № 5 шешімінің 1-тармағындағы "8" деген цифр "11" деген цифрлармен ауыстырылсын.


      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
     
     

Армения Республикасынан

Беларусь
Республикасынан
 

Қазақстан Республикасынан
 
 

Ресей Федерациясынан
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады