Кеден одағының Кеден кодексі 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Алдыңғы бөлігінде басқару тұтқасы, көтергіш айыр қапқышы, рульдік тірек доңғалағы және артқы бөлігінде доңғалақтары бар, жүгі бар табандықтарды (паллеттерді) көтеруге және орындарын ауыстыруға арналған электр арбасы 1-ші Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8427 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |