Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша басқару тұтқасы бар электр арбасын сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 70 шешімі

      Кеден одағының Кеден кодексі 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Алдыңғы бөлігінде басқару тұтқасы, көтергіш айыр қапқышы, рульдік тірек доңғалағы және артқы бөлігінде доңғалақтары бар, жүгі бар табандықтарды (паллеттерді) көтеруге және орындарын ауыстыруға арналған электр арбасы 1-ші Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8427 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады