Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабы 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Мөлшерленген дәрілік қалыптар түрінде немесе бөлшек саудада сатуға арналған нысанда немесе орамада буып өлшенген, созылмалы және өткір бүйрек жетіспеушілігі кезінде терапевтік немесе профилактикалық мақсаттарда гемадиалез үшін қолданылатын, натрий хлоридінің, калий хлоридінің, кальций хлоридінің, магний хлоридінің және сірке қышқылының қоспасынан тұратын сулы ерітінді сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 Негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 3004 тауар позициясында сыныпталады.
2. Мөлшерленген дәрілік қалыптар түрінде немесе бөлшек саудада сатуға арналған нысанда немесе орамада буып өлшенген, созылмалы және өткір бүйрек жетіспеушілігі кезінде терапевтік немесе профилактикалық мақсаттарда гемадиалез үшін қолданылатын натрий бикарбонатының сулы ерітіндісі сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 Негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 3004 тауар позициясында сыныпталады.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |