Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша гемодиалез үшін жекелеген сулы ерітінділерді сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 102 шешімі

      Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабы 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мөлшерленген дәрілік қалыптар түрінде немесе бөлшек саудада сатуға арналған нысанда немесе орамада буып өлшенген, созылмалы және өткір бүйрек жетіспеушілігі кезінде терапевтік немесе профилактикалық мақсаттарда гемадиалез үшін қолданылатын, натрий хлоридінің, калий хлоридінің, кальций хлоридінің, магний хлоридінің және сірке қышқылының қоспасынан тұратын сулы ерітінді сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 Негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 3004 тауар позициясында сыныпталады.      

      2. Мөлшерленген дәрілік қалыптар түрінде немесе бөлшек саудада сатуға арналған нысанда немесе орамада буып өлшенген, созылмалы және өткір бүйрек жетіспеушілігі кезінде терапевтік немесе профилактикалық мақсаттарда гемадиалез үшін қолданылатын натрий бикарбонатының сулы ерітіндісі сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 Негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 3004 тауар позициясында сыныпталады.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады