Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабы 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Табиғи тасты ұқсататын композиттік материалдан әзірленген тікбұрыш пішінді, полиэфирлі және акрилді шайыр қоспаларынан (30,0 – 45,0 мас. %), алюминий гидроксидінен (50,0 – 65,0 мас. %), бояғыштардан (0 – 4,0 мас. %) және түстерді тұрақтандырғыштардан (0 – 1,0 мас. %) құралған табақтар сыртқы экономикалық қызметтің 1 Тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі ережелеріне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі Бірыңғай тауар номенклатурасының 3920 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |