Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша табиғи тасты ұқсататын композиттік материалдан жасалған табақтарды сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 1 желтоқсандағы № 156 шешімі

      Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабы 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Табиғи тасты ұқсататын композиттік материалдан әзірленген тікбұрыш пішінді, полиэфирлі және акрилді шайыр қоспаларынан (30,0 – 45,0 мас. %), алюминий гидроксидінен (50,0 – 65,0 мас. %), бояғыштардан (0 – 4,0 мас. %) және түстерді тұрақтандырғыштардан (0 – 1,0 мас. %) құралған табақтар сыртқы экономикалық қызметтің 1 Тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі ережелеріне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі Бірыңғай тауар номенклатурасының 3920 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады