Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының өкімі

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 12 мамырдағы № 45 өкімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне жүргізгіштер мен ойын шатырларына қатысты, сондай-ақ Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 12 мамырдағы № 50 шешімінің қабылдануына байланысты:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) А.А. Слепнев Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Үкіметаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғары органының) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 18 шешімімен бекітілген, кедендік әкелу бажы мөлшерлемесінің өзгеруі туралы шешімді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі қабылдайтын Сезімтал тауарлар тізбесіне одан ЕАЭО СЭҚ ТН 9403 70 000 9 кіші қосалқы позициясында сыныпталатын тауарларды алып тастауды және ЕАЭО СЭҚ ТН 9403 70 000 2, 9403 70 000 3 және 9403 70 000 8 қосалқы позицияларында сыныпталатын тауарларды қосуды көздейтін өзгерістердің енгізілуін қамтамасыз етсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 12 мамырдағы № 50 шешімі күшіне енген күннен бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның ЕАЭО СЭҚ ТН 9403 70 000 2, 9403 70 000 3 және 9403 70 000 8 қосалқы позицияларында сыныпталатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерінің өзгеруі туралы шешімінің жобасы дайындалу кезінде мұндай шешімдерді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі қабылдайтыны ескерілсін.

      3. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы В. Христенко

Распоряжение Коллегии Евразийской экономической комиссии

Распоряжение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 12 мая 2015 года № 45

      В связи с принятием Решения Коллегии Евразийской экономической комиссии от 12 мая 2015 г. № 50 «О внесении изменений в единую Товарную номенклатуру внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза и Единый таможенный тариф Евразийского экономического союза в отношении ходунков и палаток для игр, а также в некоторые решения Комиссии Таможенного союза и Коллегии Евразийской экономической комиссии»:
      1. Члену Коллегии (Министру) по торговле Евразийской экономической комиссии Слепневу А.А. обеспечить внесение в Перечень чувствительных товаров, в отношении которых решение об изменении ставки ввозной таможенной пошлины принимается Советом Евразийской экономической комиссии, утвержденный Решением Межгосударственного Совета Евразийского экономического сообщества (Высшего органа Таможенного союза) от 27 ноября 2009 г. № 18, изменений, предусматривающих исключение из него товаров, классифицируемых в подсубпозиции 9403 70 000 9 ТН ВЭД ЕАЭС, и включение в него товаров, классифицируемых в подсубпозициях 9403 70 000 2, 9403 70 000 3 и 9403 70 000 8 ТН ВЭД ЕАЭС.
      2. С даты вступления в силу Решения Коллегии Евразийской экономической комиссии от 12 мая 2015 г. № 50 при подготовке проектов решений Евразийской экономической комиссии об изменении ставок ввозных таможенных пошлин в отношении товаров, классифицируемых в подсубпозициях 9403 70 000 2, 9403 70 000 3 и 9403 70 000 8 ТН ВЭД ЕАЭС, учитывать, что такие решения принимаются Советом Евразийской экономической комиссии.
      3. Настоящее распоряжение вступает в силу по истечении
10 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Председатель Коллегии
      Евразийской экономической комиссии         В. Христенко