Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне жүргізгіштер мен ойын шатырларына қатысты, сондай-ақ Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 12 мамырдағы № 50 шешімінің қабылдануына байланысты:
1. Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) А.А. Слепнев Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Үкіметаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғары органының) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 18 шешімімен бекітілген, кедендік әкелу бажы мөлшерлемесінің өзгеруі туралы шешімді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі қабылдайтын Сезімтал тауарлар тізбесіне одан ЕАЭО СЭҚ ТН 9403 70 000 9 кіші қосалқы позициясында сыныпталатын тауарларды алып тастауды және ЕАЭО СЭҚ ТН 9403 70 000 2, 9403 70 000 3 және 9403 70 000 8 қосалқы позицияларында сыныпталатын тауарларды қосуды көздейтін өзгерістердің енгізілуін қамтамасыз етсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 12 мамырдағы № 50 шешімі күшіне енген күннен бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның ЕАЭО СЭҚ ТН 9403 70 000 2, 9403 70 000 3 және 9403 70 000 8 қосалқы позицияларында сыныпталатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерінің өзгеруі туралы шешімінің жобасы дайындалу кезінде мұндай шешімдерді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі қабылдайтыны ескерілсін.
3. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы В. Христенко |