Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабы 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Изотониялық ерітіндіні білдіретін, құрамында натрий гиалуроны бар, автоклав арқылы стерилденген, буын аурулары кезінде терапевтикалық немесе профилактикалық мақсаттарда буын ішіне дәрі құю үшін біржолғы пайдаланылатын зарарсыз шприцтерге өлшеп оралған имплантат Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 3004 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 60 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т.Саркисян |