Ескерту. Күші жойылды - Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 04.10.2016 № 159 (оның Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде жарияланған күнінен бастап) өкімімен.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамы және оның мүшелерінің арасында міндеттерді бөлу туралы" № 37 шешімінің негізінде:
1. Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Д.Т.Ибраев Көлік және инфрақұрылым жөніндегі консультативтік комитет отырыстарында төрағалық етеді (Консультативтік комитет төрағасы) деп айқындалсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 12 мамырдағы "Табиғи монополиялар жөніндегі консультативтік комитеттің құрамы туралы" № 43 өкімі 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Т.Саркисян |