Көлік және инфрақұрылым жөніндегі консультативтік комитет қызметінің ұйымдастырушылық мәселелері туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 9 наурыздағы № 22 өкімі. Күші жойылды - Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 4 қазандағы № 159 өкімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 04.10.2016 № 159 (оның Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде жарияланған күнінен бастап) өкімімен.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамы және оның мүшелерінің арасында міндеттерді бөлу туралы" № 37 шешімінің негізінде:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Д.Т.Ибраев Көлік және инфрақұрылым жөніндегі консультативтік комитет отырыстарында төрағалық етеді (Консультативтік комитет төрағасы) деп айқындалсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 12 мамырдағы "Табиғи монополиялар жөніндегі консультативтік комитеттің құрамы туралы" № 43 өкімі 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы Т.Саркисян
     

Об организационных вопросах деятельности Консультативного комитета по транспорту и инфраструктуре

Распоряжение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 9 марта 2016 года № 22. Утратило силу распоряжением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 4 октября 2016 года № 159

      Сноска. Утратило силу распоряжением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 04.10.2016 № 159 (с даты его опубликования на официальном сайте Евразийского экономического союза в информационно-телекоммуникационной сети «Интернет»).

      На основании Решения Высшего Евразийского экономического совета от 21 декабря 2015 г. № 37 «О персональном составе и распределении обязанностей между членами Коллегии Евразийской экономической комиссии»:
      1. Определить, что член Коллегии (Министр) по энергетике и инфраструктуре Евразийской экономической комиссии Ибраев Д.Т. председательствует на заседаниях Консультативного комитета по транспорту и инфраструктуре (председатель Консультативного комитета).
      2. Признать утратившим силу пункт 2 распоряжения Коллегии Евразийской экономической комиссии от 12 мая 2015 г. № 43 «О составе Консультативного комитета по транспорту и инфраструктуре».
      3. Настоящее распоряжение вступает в силу с даты его опубликования на официальном сайте Евразийского экономического союза в информационно-телекоммуникационной сети «Интернет».

      Председатель Коллегии
      Евразийской экономической комиссии         Т. Саркисян