Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамы және оның мүшелерінің арасында міндеттерді бөлу туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 37 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 12-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 40-тармағына сәйкес және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 16 қазандағы № 24 шешімін ескере отырып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1.      Мына адамдар Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшелері ретінде бекітілсін:


Валовая
Татьяна Дмитриевна

Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)
 

Сүлейменов
Тимур Мұратұлы

Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)
 

Сидорский
Сергей Сергеевич

Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)
 

Никишина
Вероника Олеговна
 

Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)

Корешков
Валерий Николаевич

Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)
 

Қадырқұлов
Мұқай Асанұлы

Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)
 

Ибраев
Данил Тұрсынбекұлы

Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)
 

Алдабергенов
Нұрлан Шәдібекұлы

Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр)
 
 

Минасян
Карине Агасиевна

Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (Министр).

      2. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшелері арасында міндеттерді бөлу бекітілсін.

      3. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің саны туралы" 2011 жылғы 19 желтоқсандағы № 5 шешімінің 1-тармағында "13" деген цифрлар "9" деген цифрмен ауыстырылсын.

      4. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының Төрағасын тағайындау, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының дербес құрамын бекіту және оның мүшелерінің арасында міндеттерді бөлу туралы" 2011 жылғы 19 желтоқсандағы № 2 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы Шешім 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.


Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


  Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңестің
2016 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 37 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшелері арасында міндеттерді
БӨЛУ

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы:

      Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Алқасының қызметін ұйымдастырады және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт пен Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламентіне сәйкес оған жүктелген функциялардың орындалуы үшін жауапты болады.

      Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) мынадай салаларда Комиссияның функцияларын іске асыруды қамтамасыз етеді:

      1) интеграциялық саясат;

      2) макроэкономикалық саясат;

      3) Одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату.

      Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) мынадай салаларда Комиссияның функцияларын іске асыруды қамтамасыз етеді:

      1) кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары;

      2) қаржы нарықтары;

      3) салықтар және салық салу;

      4) валюта саясаты;

      5) кедендік әкелу баждарын есепке жатқызу және бөлу;

      6) зияткерлік меншік;

      7) еңбек көші-қоны;

      8) қызметтер көрсету және инвестициялар.

      Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) мынадай салаларда Комиссияның функцияларын іске асыруды қамтамасыз етеді:

      1) өнеркәсіп;

      2) агроөнеркәсіптік кешен;

      3) өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы субсидиялары.

      Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) мынадай салаларда Комиссияның функцияларын іске асыруды қамтамасыз етеді:

      1) сыртқы сауда саясаты;

      2) кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу;

      3) ішкі нарықты қорғау шаралары;

      4) үшінші елдерге қатысты сауда режимдерін белгілеу;

      5) тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау.


      Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) мынадай салаларда Комиссияның функцияларын іске асыруды қамтамасыз етеді:

      1) техникалық реттеу;

      2) санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар;

      3) тұтынушылардың құқықтарын қорғау;

      4) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы саясат;

      5) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы.

      Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) мынадай салаларда Комиссияның функцияларын іске асыруды қамтамасыз етеді:

      1) кедендік реттеу;

      2) кедендік әкімшілендіру.

      Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) мынадай салаларда Комиссияның функцияларын іске асыруды қамтамасыз етеді:

      1) энергетикалық саясат;

      2) табиғи монополиялар;

      3) көлік және тасымалдар.

      Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) мынадай салаларда Комиссияның функцияларын іске асыруды қамтамасыз етеді:

      1) бәсекелестік саясат;

      2) мемлекеттік және (немесе) муниципалдық сатып алу.

      Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) мынадай салаларда Комиссияның функцияларын іске асыруды қамтамасыз етеді:

      1) ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл;

      2) ішкі нарықтардың кедергісіз, алып қоюсыз және шектеусіз жұмыс істеуі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады