Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақтың өзара қолжетімді ішкі нарығының жұмыс істеуіне келтірілген кедергілерді, сондай-ақ тауарлар қозғалысына, қызметтер көрсетуге, капитал мен жұмыс күшіне қатысты алып қоюлар мен шектеулерді (бұдан әрі – кедергілер, алып қоюлар мен шектеулер) анықтау және жою жөніндегі жұмыс барысы туралы ақпаратын назарға ала отырып және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 7 өкімін ескере келіп:
1.Еуразиялық экономикалық комиссия:
кедергілер, алып қоюлар мен шектеулер туралы ақпаратты сирек дегенде жылына 1 рет өзектілендіруді, сондай-ақ электрондық түрдегі тиісті дерекқорды қалыптастыруды, жүргізуді және пайдалануды қамтамасыз етсін;
2016 жылғы кедергілерді, алып қоюлар мен шектеулерді анықтау және жою жөніндегі жұмыстың нәтижелері туралы 2016 жылғы 1 желтоқсанға дейін Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында баяндасын.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден осы Өкімнің 1-тармағының екінші абзацында көрсетілген дерекқорды өзектілендіру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссияға сирек дегенде жылына 1 рет тиісті ақпарат беруді қамтамасыз ету сұралсын.
3.Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |