Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді, алып қоюлар мен шектеулерді анықтау және жою жөніндегі жұмыстың барысы туралы

Жаңа

Еуразиялық Экономикалық Кеңес комиссиясының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 5 Өкімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақтың өзара қолжетімді ішкі нарығының жұмыс істеуіне келтірілген кедергілерді, сондай-ақ тауарлар қозғалысына, қызметтер көрсетуге, капитал мен жұмыс күшіне қатысты алып қоюлар мен шектеулерді (бұдан әрі – кедергілер, алып қоюлар мен шектеулер) анықтау және жою жөніндегі жұмыс барысы туралы ақпаратын назарға ала отырып және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 7 өкімін ескере келіп:

      1.Еуразиялық экономикалық комиссия:

      кедергілер, алып қоюлар мен шектеулер туралы ақпаратты сирек дегенде жылына 1 рет өзектілендіруді, сондай-ақ электрондық түрдегі тиісті дерекқорды қалыптастыруды, жүргізуді және пайдалануды қамтамасыз етсін;

      2016 жылғы кедергілерді, алып қоюлар мен шектеулерді анықтау және жою жөніндегі жұмыстың нәтижелері туралы 2016 жылғы 1 желтоқсанға дейін Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында баяндасын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден осы Өкімнің 1-тармағының екінші абзацында көрсетілген дерекқорды өзектілендіру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссияға сирек дегенде жылына 1 рет тиісті ақпарат беруді қамтамасыз ету сұралсын.

      3.Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан
В.Габриелян
 
 
 

Беларусь Республикасынан
В.Матюшевский
 

Қазақстан Республикасынан
Б.Сағынтаев
 

Қырғыз Республикасынан
О.Панкратов
 

Ресей Федерациясынан
И.Шувалов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады