2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 16-бабына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 23-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің 3-5-тармақтарына сәйкес:
1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске Қырғыз Республикасы Президентінің 2015 жылғы 5 қарашадағы № 239 Жарлығына сәйкес қажетті өкілеттіктер берілген, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінде Қырғыз Республикасынан өкіл – Қырғыз Республикасының Вице-премьер-министрі Олег Михайлович Панкратов ұсынылсын.
2. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |