Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінде Қырғыз Республикасынан өкіл туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 3 Өкімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 16-бабына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 23-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің 3-5-тармақтарына сәйкес:

      1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске Қырғыз Республикасы Президентінің 2015 жылғы 5 қарашадағы № 239 Жарлығына сәйкес қажетті өкілеттіктер берілген, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінде Қырғыз Республикасынан өкіл – Қырғыз Республикасының Вице-премьер-министрі Олег Михайлович Панкратов ұсынылсын.

      2. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады