Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 18 және 45-баптарына сәйкес
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 9 тамыздағы "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына, авиациялық қозғалтқыштардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" № 63 шешімі күшіне енген күннен бастап:
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелерді (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 12 наурыздағы № 4 ұсынымына қосымша) 84-топқа Еуразиялық экономикалық одақтың қосымша ескертпелерін мынадай мазмұндағы 5-ескертпемен толықтыру бөлігіндегі өзгерісті ескере отырып қолдануды ұсынады:
"5. 8407 10 000 3 кіші қосалқы позициясында "ұшу қуаты" ("take-off power") деген термин авициялық поршеньді қозғалтқышпен дамытылатын барынша жоғары қуатты білдіреді.
"Ұшу қуаты" ("take-off power") техникалық құжаттамада және (немесе) ілеспе құжаттарда көрсетіледі, киловатпен немесе ат күшімен өлшенеді (1 кВТ 1,35962 ат күшіне сәйкес келеді).".
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |