Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің VI томына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 5 шілдедегі № 17 ұсынымы

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 18 және 45-баптарына сәйкес

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 9 тамыздағы "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына, авиациялық қозғалтқыштардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" № 63 шешімі күшіне енген күннен бастап:

      Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелерді (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 12 наурыздағы № 4 ұсынымына қосымша) 84-топқа Еуразиялық экономикалық одақтың қосымша ескертпелерін мынадай мазмұндағы 5-ескертпемен толықтыру бөлігіндегі өзгерісті ескере отырып қолдануды ұсынады:

      "5. 8407 10 000 3 кіші қосалқы позициясында "ұшу қуаты" ("take-off power") деген термин авициялық поршеньді қозғалтқышпен дамытылатын барынша жоғары қуатты білдіреді.

      "Ұшу қуаты" ("take-off power") техникалық құжаттамада және (немесе) ілеспе құжаттарда көрсетіледі, киловатпен немесе ат күшімен өлшенеді (1 кВТ 1,35962 ат күшіне сәйкес келеді).".

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады