Кеден одағының Кеден кодексі 180-бабының 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2010 жылғы 20 мамырдағы №263 шешімімен бекітілген Көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды тауарлар декларациялары ретінде пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықтың 12-тармағының 4-тармақшасы ", сондай-ақ тауарларды таңбалауға арналған бақылау (сәйкестендіру) белгілері" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |