Көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды тауарлар декларациялары ретінде пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықтың 12-тармағының 4-тармақшасына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 7 ақпандағы № 14 шешімі

      Кеден одағының Кеден кодексі 180-бабының 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2010 жылғы 20 мамырдағы №263 шешімімен бекітілген Көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды тауарлар декларациялары ретінде пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықтың 12-тармағының 4-тармақшасы ", сондай-ақ тауарларды таңбалауға арналған бақылау (сәйкестендіру) белгілері" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады