Кеден одағының Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Барабан типті ыдыстан тұратын, топсалы-біріктірілген типті толық жетекті доңғалақты шассиде орнатылған қайта араластырғыш құрылғыларымен және тиегіш шөмішпен жабдықталған, аталған шассимен конструктивті біріктірілмеген және онымен біртұтас механикалық агрегатты құрамайтын, қозғалтқышпен, беріліс қорабымен, рульдік басқарумен, тежегіш жүйесімен, гидравликалық жүйемен, басқаруды қамтамасыз ететін жабдығы бар кабинамен жабдықталған бетонды және ерітінділерді әзірлеу кезінде компоненттерді араластыруға және қайта араластыруға арналған өздігінен тиеу функциясы бар бетонараластырғыш машина Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8705 40 000 қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |