Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес өздігінен тиеу функциясы бар бетонараластырғыш машинаны сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 105 шешімі

      Кеден одағының Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Барабан типті ыдыстан тұратын, топсалы-біріктірілген типті толық жетекті доңғалақты шассиде орнатылған қайта араластырғыш құрылғыларымен және тиегіш шөмішпен жабдықталған, аталған шассимен конструктивті біріктірілмеген және онымен біртұтас механикалық агрегатты құрамайтын, қозғалтқышпен, беріліс қорабымен, рульдік басқарумен, тежегіш жүйесімен, гидравликалық жүйемен, басқаруды қамтамасыз ететін жабдығы бар кабинамен жабдықталған бетонды және ерітінділерді әзірлеу кезінде компоненттерді араластыруға және қайта араластыруға арналған өздігінен тиеу функциясы бар бетонараластырғыш машина Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8705 40 000 қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады