Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Зерттеулер (сынақтар) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Электротехника және радиотехника бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы" техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 037/2016) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесі бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 108 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Зерттеулер (сынақтар) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде
Еуразиялық экономикалық одақтың "Электротехника және радиотехника
бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы" техникалық регламенті
(ЕАЭО ТР 037/2016) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу
объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу
қағидаларын қамтитын стандарттар
ТІЗБЕСІ
№ | Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің элементтері | Стандарттың белгісі | Стандарттың атауы | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | 2 және 3 қосымшалар | МЕМСТ EN 50581-2016 | Электрлік және электрондық бұйымдарды қауіпті заттарды пайдалануды шектеуге қатысты бағалауға арналған техникалық құжаттама | |
2 | МЕМСТ IEC 62321-1-2016 | Электротехникалық бұйымдардағы регламенттелген заттарды анықтау. 1-бөлім. Кіріспе және шолу | ||
3 | МЕМСТ IEC 62321-2-2016 |
Электротехникалық бұйымдардағы регламенттелген заттарды анықтау. 2-бөлім. | ||
4 | МЕМСТ IEC 62321-3-1-2016 | Электротехникалық бұйымдардағы регламенттелген заттарды анықтау. 3-1-бөлім. Скрининг. Қорғасынды, сынапты, кадмийді, жалпы хромды және жалпы бромды рентгенді-флуоресценттік спектрометрия әдісімен талдау | ||
5 | МЕМСТ IEC 62321-3-2-2016 | Электротехникалық бұйымдардағы регламенттелген заттарды анықтау. 3-2-бөлім. Скрининг. Полимерлердегі және электроникадағы жалпы бромды жану өнімдерінің иондық хроматографиясы әдісімен анықтау | ||
6 | МЕМСТ IEC 62321-4-2016 |
Электротехникалық бұйымдардағы регламенттелген заттарды анықтау. 4-бөлім. Полимерлердегі, металдардағы және электроникадағы сынапты CV-AAS, CV-AFS, | ||
7 | МЕМСТ IEC 62321-5-2016 |
Электротехникалық бұйымдардағы регламенттелген заттарды анықтау. 5-бөлім. | ||
8 | СТБ IEC 62321-2012 | Электротехникалық бұйымдар. Регламенттелген алты заттың (қорғасынның, сынаптың, кадмийдің, алты валентті хромның, полибромбифенилдердің, полибромирленген дифенил эфирлерінің) деңгейін анықтау | ||
9 | СТБ IEC/PAS 62596-2012 | Электротехникалық бұйымдар. Қолданылуы шектелген заттардың құрамын анықтау. Сынамаларды іріктеу бойынша нұсқаулық | 01.07.2019 дейін қолданылады |