Зерттеулер (сынақтар) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Электротехника және радиотехника бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы" техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 037/2016) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 108 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Зерттеулер (сынақтар) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Электротехника және радиотехника бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы" техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 037/2016) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесі бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 29 тамыздағы
№ 108 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Зерттеулер (сынақтар) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде
Еуразиялық экономикалық одақтың "Электротехника және радиотехника
бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы" техникалық регламенті
(ЕАЭО ТР 037/2016) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу
объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу
қағидаларын қамтитын стандарттар
ТІЗБЕСІ


р/с

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің элементтері

Стандарттың белгісі

Стандарттың атауы

Ескерту

1

2

3

4

5

1

2 және 3 қосымшалар

МЕМСТ EN 50581-2016

Электрлік және электрондық бұйымдарды қауіпті заттарды пайдалануды шектеуге қатысты бағалауға арналған техникалық құжаттама


2

МЕМСТ IEC 62321-1-2016

Электротехникалық бұйымдардағы регламенттелген заттарды анықтау. 1-бөлім. Кіріспе және шолу


3

МЕМСТ IEC 62321-2-2016

Электротехникалық бұйымдардағы регламенттелген заттарды анықтау. 2-бөлім.
Үлгіні бөлшектеу, ажырату және механикалық дайындау


4

МЕМСТ IEC 62321-3-1-2016

Электротехникалық бұйымдардағы регламенттелген заттарды анықтау. 3-1-бөлім. Скрининг. Қорғасынды, сынапты, кадмийді, жалпы хромды және жалпы бромды рентгенді-флуоресценттік спектрометрия әдісімен талдау


5

МЕМСТ IEC 62321-3-2-2016

Электротехникалық бұйымдардағы регламенттелген заттарды анықтау. 3-2-бөлім. Скрининг. Полимерлердегі және электроникадағы жалпы бромды жану өнімдерінің иондық хроматографиясы әдісімен анықтау


6

МЕМСТ IEC 62321-4-2016

Электротехникалық бұйымдардағы регламенттелген заттарды анықтау. 4-бөлім. Полимерлердегі, металдардағы және электроникадағы сынапты CV-AAS, CV-AFS,
ICP-OES және ICP-MS әдістерімен анықтау


7

МЕМСТ IEC 62321-5-2016

Электротехникалық бұйымдардағы регламенттелген заттарды анықтау. 5-бөлім.
Полимерлердегі және жүйелердің электрондық бөліктеріндегі кадмийді, қорғасынды және хромды, сондай-ақ металдардағы қорғасынды AAS, AFS, ICP-OES және ICP-MS әдістерімен анықтау


8

СТБ IEC 62321-2012

Электротехникалық бұйымдар. Регламенттелген алты заттың (қорғасынның, сынаптың, кадмийдің, алты валентті хромның, полибромбифенилдердің, полибромирленген дифенил эфирлерінің) деңгейін анықтау


9

СТБ IEC/PAS 62596-2012

Электротехникалық бұйымдар. Қолданылуы шектелген заттардың құрамын анықтау. Сынамаларды іріктеу бойынша нұсқаулық

01.07.2019 дейін қолданылады

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады