1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы №75 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) Консультативтік комитеттің құрамына Ресей Федерациясынан "Біріккен көлік-логистика компаниясы" акционерлік қоғамы президентінің кеңесшісі, Ресей өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі комитетінің мүшесі Лариса Павловна Коршунова енгізілсін;
б) Консультативтік комитеттің мына мүшелерінің жаңа лауазымдары көрсетілсін:
Мелик-Исраелян | - |
Армения Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кірістер комитетінің Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы |
Сагоян | - |
Армения Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылау басқармасының бастығы |
Давыдов | - | Федералдық кеден қызметі басшысының бірінші орынбасары |
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия | |
Алқасының Төрағасы | Т.Саркисян |