Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 32 өкімі.

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы №75 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) Консультативтік комитеттің құрамына  Ресей Федерациясынан "Біріккен көлік-логистика компаниясы" акционерлік қоғамы президентінің кеңесшісі, Ресей өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі комитетінің мүшесі Лариса Павловна Коршунова енгізілсін;

      б) Консультативтік комитеттің мына мүшелерінің жаңа лауазымдары көрсетілсін:

Мелик-Исраелян
Сурен
Самсонович

-

Армения Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кірістер комитетінің Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы
 

Сагоян
Геворг Анатольевич

-

Армения Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылау басқармасының бастығы
 

Давыдов
Руслан Валентинович

-

Федералдық кеден қызметі басшысының бірінші орынбасары

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
      Алқасының Төрағасы Т.Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады