Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы шеңберінде орталықтандырылған сауданы ұйымдастыру үшін сауда алаңдарын пайдаланудың және Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2017 жылғы 14 тамыздағы № 14 Өкімі

            Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру мақсатында 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 16-бабы 1-тармағына, 81-бабы 1-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бағдарламасы туралы" 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 20 шешімінің 2-тармағына сәйкес:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру шеңберінде электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру үшін бұл алаңдардың электрондық сауда жүйесін жаңғырту (бұдан әрі -электрондық сауда жүйелері) қажеттігін ескере отырып, Қазақстан Республикасында және (немесе) Ресей Федерациясында қазіргі бар электр энергиясының сауда алаңдарын (бұдан әрі – сауда алаңдары) пайдалану орынды деп саналсын.

      2. Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы шеңберінде электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру мақсатында сауда алаңдарының электрондық сауда жүйелерін жаңғыртуды қаржыландыру үшін бюджеттік емес көздерден тартылған қаражаттардың қажетті көлемін айқындау мақсатында 2018 жылғы 1 қазанға дейін:

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі сауда алаңдары жүргізген электрондық сауда жүйелерін жаңғырту құнын бағалау нәтижелері туралы ақпаратты (Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы шеңберінде электр энергиясының орталықтандырылған саудасының тәсілдері бойынша бөліп көрсете отырып) Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсынуды қамтамасыз етсін;

      Еуразиялық экономикалық комиссия осы тармақтың екінші абзацына сәйкес ұсынылған ақпаратты Одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтеріне жіберсін;

      Одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығында электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастырудың экономикалық орындылығына бір тәулік бұрын бағалау жүргізуді және аталған бағалауды жүргізудің нәтижелері туралы ақпаратты Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті органдары ұсынған сауда алаңдары жүргізген электрондық сауда жүйелерін жаңғырту құнын бағалау нәтижелерін ескере отырып, Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы шеңберінде электр энергиясының орталықтандырылған саудасын қаражаттарды бюджеттік емес тартудың (соның ішінде аталған қаражаттарды кейіннен қайтару мүмкіндігінің шарттары мен тәртібіне қатысты мәселелердің) мына бір немесе бірнеше механизмдерін ұйымдастыру мақсатында электрондық сауда жүйелерін жаңғыртуды қаржыландыру үшін таңдау мәселелерін 2018 жылғы 1 қазанға дейін пысықтасын:

      электрондық сауда жүйелерін сауда алаңдарының меншікті және (немесе) өз бетінше тартқан ресурстары есебінен жаңғырту;

      Одаққа мүше мемлекеттердің электрондық сауда жүйелерін жаңғырту мақсатында сауда алаңдарына қаржыландыру ұсынуы;

      Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығына қатысушылардың және басқа мүдделі субъектілердің, сондай-ақ өзге де ұйымдардың электрондық сауда жүйелерін жаңғыртуды бірлесіп қаржыландыруы;

      электрондық сауда жүйелерін жаңғыртуды Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасы тыйым салмайтын өзге де бюджеттік емес көздердің есебінен қаржыландыру.

      4. Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын реттейтін актілерді әзірлеумен байланысты Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру:

      а) Еуразиялық экономикалық комиссия ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арнап көздеген қаражаттар (шегінде) есебінен;

      б) Одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттерінде Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының қызметін қамтамасыз ету үшін тиісті қаржылық жылға арнап көзделетін қаражаттар (шегінде) есебінен жүзеге асырылады деп айқындалсын.

      5. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.


      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


О некоторых вопросах использования торговых площадок для организации централизованной торговли в рамках общего электроэнергетического рынка Евразийского экономического союза и финансирования мероприятий по формированию общего электроэнергетического рынка Евразийского экономического союза

Распоряжение Евразийского Межправительственного Совета от 14 августа 2017 года № 14

      В целях формирования общего электроэнергетического рынка Евразийского экономического союза в соответствии с пунктом 1 статьи 16, пунктом 1 статьи 81 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года и пунктом 2 Решения Высшего Евразийского экономического совета от 26 декабря 2016 г. № 20 "О Программе формирования общего электроэнергетического рынка Евразийского экономического союза":

      1. Считать целесообразным использование существующих в Республике Казахстан и (или) Российской Федерации площадок торговли электрической энергией (далее - торговые площадки) для организации централизованной торговли электрической энергией в рамках общего электроэнергетического рынка Евразийского экономического союза (далее - Союз) с учетом необходимости модернизации электронных систем торговли этих площадок (далее - электронные системы торговли).

      2. В целях определения необходимых объемов средств, привлекаемых из внебюджетных источников для финансирования модернизации электронных систем торговли торговых площадок с целью организации централизованной торговли электрической энергией в рамках общего электроэнергетического рынка Союза, до 1 октября 2018 г.:

      Правительству Республики Казахстан и Правительству Российской Федерации обеспечить представление в Евразийскую экономическую комиссию информации о результатах проведенной торговыми площадками оценки стоимости модернизации электронных систем торговли (с разбивкой по способам централизованной торговли электрической энергией в рамках общего электроэнергетического рынка Союза);

      Евразийской экономической комиссии направить представленную в соответствии с абзацем вторым настоящего пункта информацию в правительства государств - членов Союза;

      правительствам государств - членов Союза обеспечить проведение оценки экономической целесообразности организации на общем электроэнергетическом рынке Союза централизованной торговли электрической энергией на сутки вперед и представление в Евразийскую экономическую комиссию информации о результатах проведения указанной оценки.

      3. Правительствам государств - членов Союза совместно с Евразийской экономической комиссией до 1 октября 2018 г. проработать с учетом представленных уполномоченными органами Республики Казахстан и Российской Федерации результатов проведенной торговыми площадками оценки стоимости модернизации электронных систем торговли вопросы выбора для финансирования модернизации электронных систем торговли с целью организации централизованной торговли электрической энергией в рамках общего электроэнергетического рынка Союза одного или нескольких из следующих механизмов привлечения из внебюджетных источников средств (в том числе вопросы, касающиеся условий и порядка возможного последующего возврата указанных средств):

      модернизация электронных систем торговли за счет собственных и (или) самостоятельно привлекаемых торговыми площадками ресурсов;

      предоставление уполномоченными организациями государств - членов Союза финансирования торговым площадкам в целях модернизации электронных систем торговли;

      совместное финансирование модернизации электронных систем торговли участниками и другими заинтересованными субъектами общего электроэнергетического рынка Союза, а также иными организациями;

      финансирование модернизации электронных систем торговли за счет иных внебюджетных источников, не запрещенных законодательством государств - членов Союза.

      4. Определить, что финансирование мероприятий по формированию общего электроэнергетического рынка Союза, связанных с разработкой актов, регулирующих общий электроэнергетический рынок Союза, осуществляется:

      а) за счет (в пределах) средств, предусматриваемых Евразийской экономической комиссии на выполнение научно-исследовательских работ;

      б) за счет (в пределах) средств, предусматриваемых в бюджетах государств - членов Союза на соответствующий финансовый год на обеспечение деятельности уполномоченных органов государств - членов Союза.

      5. Настоящее распоряжение вступает в силу с даты его опубликования на официальном сайте Евразийского экономического союза.

      Члены Евразийского межправительственного совета:

От Республики Армения

От Республики Беларусь

От Республики Казахстан

От Кыргызской Республики

От Российской Федерации