Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 38-бабының 16-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Тауарлардың кедендік құнын кейіннен айқындау тәртібі бекітілсін.
2. Мыналардың:
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 12 сәуірдегі "Тауарлардың кедендік құнын кейіннен айқындау рәсімін қолдану тәртібін бекіту туралы" № 32 шешімінің;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 1 қарашадағы "Тауарлардың кедендік құнын кейіннен айқындау рәсімін қолдану тәртібіне өзгерістер енгізу туралы" № 133 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 19 маусымдағы № 103 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Тауарлардың кедендік құнын кейіннен айқындау
ТӘРТІБІ
I. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртіп тауарлардың кедендік құнын кейіннен айқындауды пайдаланған кездегі тауарлардың кедендік құнын кейіннен айқындау жағдайларын, әкелінетін тауарлардың мәміле құны бойынша әдіс қолдану ерекшеліктерін (1-әдіс), тауарлардың кедендік құнының алдын ала шамасы туралы мәліметтерді мәлімдеу ерекшеліктерін, тауарлардың кедендік құнының дәл шамасын мәлімдеудің тәртібі мен мерзімдерін, тауарлардың кедендік құнын кедендік бақылау ерекшеліктерін айқындайды.
2. Тауарлардың кедендік құнын кейіннен айқындауды пайдаланған кезде:
а) тауарларды кедендік декларациялаған кезде – тауарлардың кедендік құнының алдын ала шамасы;
б) тауарларды шығарғаннан кейін – тауарлардың кедендік құнының дәл шамасы мәлімделеді.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 39-бабының 1-тармағында көзделген шарттар сақталған кезде, мынадай жағдайларда:
а) егер халықаралық тауар биржаларында саудаланатын әкелінетін тауарлар ішкі тұтынуға арналған кедендік шығару рәсімінде орналастырылса және соларға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына шығару үшін тауарлар сатылатын сыртқы экономикалық шарт (келісімшарт) талаптарына сәйкес осы тауарлар үшін төленуге жататын кесімді баға белгіленбеген болса, бірақ бұл ретте тауарлар бағасының биржа бағаларына (биржалық баға белгіленіміне, биржа индекстеріне) және тауарлар декларациясын тіркеген күннен кейінгі осы шартта белгіленген нақты күнгі биржалық бағалар (биржалық баға белгіленімі, биржалық индекс) бойынша сыртқы экономикалық шарт (келісімшарт) тараптары келіскен тауарлар бағасын есептеу тәртібіне (алгоритм, формула) тәуелділігі белгіленген болса;
б) егер әкелінетін тауарлар ішкі тұтынуға арналған кедендік шығару рәсімінде орналастырылса және соларға сәйкес әкелінетін тауарлармен мәміле құны айқындалуы тиіс шарт талаптарында (мысалы, лицензиялық келісім, авторлық құқықты беру туралы шарт және т.б.) әкелінетін тауарларға жататын және әкелінетін тауарларды сату шарттары ретінде сатып алушы тікелей немесе жанама түрде жүзеге асыруы тиіс зияткерлік меншік нысандарын пайдаланғаны үшін лицензиялық және өзге ұқсас төлемдердің кесімді сомасы (патенттер, тауар белгілері, авторлық құқықтарды қоса алғанда) белгіленбеген болса, бірақ бұл ретте тауарларға арналған декларацияны тіркеу күні белгілі болмаған мәліметтер негізінде оларды есептеу тәртібі шартпен белгіленген болса;
в) егер оған сәйкес әкелінетін тауарлармен мәміле құны айқындалуы тиіс шарт талаптарында әкелінетін туарларды одан кейінгі сату, оларға өзге тәсілмен иелік ету немесе пайдалану нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) бір бөлігі сатушыға тікелей немесе жанама түрде тиесілі болса және бұл ретте тауарларға арналған декларацияны тіркеу күніне белгілі мәліметтер негізінде осындай табыстың (түсімнің) бір бөлігін есептеу тәртібі белгіленген болса, тауарлардың кедендік құнының дәл көлемін айқындауды кейінге қалдыруға жол беріледі.
4. Тауарлардың кедендік құнының дәл көлемін айқындауды және мәлімдеуді осы Тәртіптің (бұдан әрі – шарт) 3-тармағының тиісінше "а", "б" немесе "в" тармақшаларына сәйкес көрсетілген шарт талаптарына сәйкес көрсетілген, соның ішінде тауарлардың кедендік құнының дәл шамасын айқындауға және мәлімдеуге мүмкіндік беретін құжаттармен расталған мәліметтер алынуы тиіс мерзімге кейінге қалдыруға жол беріледі. Бұл ретте тауарлардың кедендік құнының дәл шамасын айқындау және мәлімдеу мерзімі тауарларға арналған декларацияны тіркеген күннен бастап 15 айдан аспауға тиіс.
II. Тауарлардың кедендік құнын кейіннен айқындауды пайдаланған кезде әкелінетін тауарлармен мәміле құны бойынша әдісті қолдану ерекшеліктері (1-әдіс)
5. Кодекстің 39-бабына сәйкес тауарлардың кедендік құнының алдын ала шамасы:
а) осы Тәртіптің 3-тармағының "а" тармақшасында көрсетілген жағдайда – шартта белгіленген есептеу тәртібіне (алгоритмге, формулаға) қарай, тауарлар декларациясын тіркеу күніне неғұрлым жақын күнге белгіленген биржалық баға (биржалық баға белгіленімі, биржа индекстер) негізінде;
б) осы Тәртіптің 3-тармағының "б" және "в" тармақшаларында көрсетілген жағдайларда – тауарларды әкелудің, тауарларды сатудың, тауарларды өзге де пайдаланудың жоспарланған көлемін көрсететін көрсеткіштердің немесе бизнес-жоспарларда, бағаның жоспарлы калькуляциясында, прейскуранттарда, каталогтарда және өзге де осындай құжаттарда көрсетілген өзге де жоспарланған көрсеткіштердің негізінде, не осындай көрсеткіштер болмаған кезде белгілі бір алдыңғы кезеңге (ай, тоқсан, жыл) бухгалтерлік есептің деректері негізінде айқындалады. Бұл ретте қосымша есептеу көлемінің есебі шартта белгіленген есептеу тәртібіне қарай жүзеге асырылады. Әкелінетін тауарларға іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосымша есептеу көлемін шығару үшін осындай қосымша есептеулердің барынша мүмкін шамасына сәйкес келетін қолда бар көрсеткіштердің мәні пайдаланылады.
6. Тауалардың кедендік құнының дәл шамаы:
а) осы Тәртіптің 3-тармағының "а" тармақшасында көрсетілген жағдайда – шартта белгіленген күнгі биржа бағалары (биржалық баға белгіленімі, биржа индекстері) негізінде есептелетін, іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағалар негізінде;
б) осы Тәртіптің 3-тармағының "б" және "в" тармақшаларында көрсетілген жағдайларда – әкелінген тауарлардың, тауарларды өткізудің шартта белгіленген тәртіпте бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде анықталған өзге де көрсеткіштердің нақты көлемі негізінде айқындалады.
7. Тауарлардың кедендік құнының алдын ала және дәл шамасын есептеу үшін пайдаланылатын мәліметтер құжатпен расталуға тиіс.
III. Тауарлардың кедендік құнының алдын ала және дәл шамасын мәлімдеу
8. Тауарлардың кедендік құнының алдын ала шамасы туралы мәліметтер мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып мәлімделеді.
Осы Тәртіптің 5-тармағына сәйкес айқындалған тауарлардың кедендік құнының алдын ала шамасы 2010 жылғы 20 қыркүйектегі Кедендік одақ Комиссиясының № 376 шешіміне сәйкес КОД-1 нысаны және тауарларға арналған декларация бойынша жасалған кедендік құн декларациясында мәлімделеді.
КОД-1-дің "Қосымша деректер" бағанында декларация толтырушы осы Тәртіптің 4-тармағына сәйкес айқындалған тауарлардың кедендік құнының дәл шамасын мәлімдеу мерзімі көрсетіледі.
Тауарларға арналған декларацияның 43-бағанының бірінші бөлігінде 2010 жылғы 20 қыркүйектегі Кедендік одақ Комиссиясының № 378 Шешімімен бекітілген кедендік құнды айқындау әдісінің сыныптауышына сәйкес тауарлардың кедендік құнын кейіннен айқындаудың коды көрсетіледі.
Тауарларға арналған декларацияның 43-бағанының бірінші бөлігінде декларация толтырушының тауарлардың кедендік құнын кейіннен айқындаудың кодын көрсетуі декларация толтырушының тауарлардың кедендік құнын кейіннен айқындауды пайдаланғанын мәлімдеу болып табылады.
Тауарлардың кедендік құнының мәлімделген алдын ала шамасын растау үшін декларация толтырушы солардың негізінде тауарлардың кедендік құнының алдын ала көлемі айқындалған құжаттарды, оның ішінде солардың негізінде осы Тәртіптің 5-тармағының ережелерін ескере отырып есептеулер жасалған құжаттарды ұсынады. Егер мұндай құжаттар бұрын осы кеден органына ұсынылған болса не егер осындай құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) олардан алынатын мәліметтерді кеден органы кеден органының ақпараттық жүйесінен, сондай-ақ мүше мемлекеттердің кедендік органдарының және мемлекеттік органдарының (мекемелерінің) ақпараттық өзара іс-қимылы шеңберінде мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының (мекемелерінің) ақпараттық жүйелерінен алуы мүмкін болса көрсетілген құжаттар Еуразиялық экономикалық одақтың мүше мемлекетінің (бұдан әрі тиісінше кеден органы, мүше мемлекет) кеден органына ұсынылмауы мүмкін.
9. Осы Тәртіптің 14-тармағына сәйкес белгіленген мерзім өткенге дейін декларация толтырушы тауарлардың кедендік құнының дәл шамасын мәлімдеуге міндетті. Бұл ретте кеден органына КОД-1 тауарлардың кедендік құнының дәл шамасының есебімен қоса, тауарларға арналған декларацияның түзетулері, сондай-ақ тауарлардың кедендік құнының дәл көлемін есептеу үшін пайдаланылатын құжаттар ұсынылады. Декларация толтырушы кеден органына тауарлардың кедендік құнының алдын ала шамасын декларациялаған кезде бұрын ұсынылған құжаттар қайтадан ұсынылмайды.
IV. Тауарлардың кедендік құнының алдын ала шамасын кедендік бақылау ерекшеліктері
10. Тауарлардың кедендік құнының алдын ала шамасына кедендік бақылау жүргізген кезде кеден органы:
а) Кодекстің 39-бабының 1-тармағында көзделген шарттардың сақталуын;
б) шарт талаптарының осы Тәртіптің 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін;
в) тауарлардың кедендік құнының алдын ала шамасын айқындаудың дұрыстығын, оның ішінде осы Тәртіптің 5-тармағына сәйкес оны айқындаудың дұрыстығын және оның құжатпен расталуын тексереді.
11. Егер тауарлардың кедендік құнының алдын ала шамасына кедендік бақылау жүргізген кезде кеден органы:
а) Кодекстің 39-бабының 1-тармағында көзделген шарттардың сақталмағанын;
б) шарттың талаптарының осы Тәртіптің 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес еместігін;
в) осы Тәртіптің 8-тармағының алтыншы абзацында көзделген құжаттардың ұсынылмағанын;
г) тауарлардың кедендік құнын дұрыс анықтамау белгілері болғанын (дәл мәліметтердің жоқтығы тауарлардың кедендік құнын кейіннен айқындаудың себебі болатын жағдайларды қоспағанда) анықтаған жағдайда тауарлардың кедендік құнының алдын ала шамасыкөлемі тауарлардың кедендік құнын кейіннен айқындауды қолданбай 1-әдіс бойынша мәлімделген тауарлардың кедендік құны ретінде қарастырылады.
12. Осы Тәртіптің 11-тармағында көрсетілген негіздер болған жағдайда тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау Кодекске және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 42 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізудің ерекшеліктері туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
13. Егер тауарлардың кедендік құнының алдын ала шамасыа кедендік бақылау жүргізген кезде кеден органы тауарлардың кедендік құнының алдын ала шамасы туралы анық емес мәліметтер мәлімделгенін, оның ішінде осы Тәртіптің 5-тармағының ережелері сақталмағанын анықтаған жағдайда тауарларға арналған декларацияда мәлімделген тауарлардың кедендік құнының алдын ала шамасы туралы мәліметтерді декларация толтырушы кеден органының талабы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібіне сәйкес өзгертуі (толықтыруы) тиіс.
Егер тауарларға арналған декларацияда мәлімделген тауарлардың кедендік құнының алдын ала шамасы туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу кезінде тауарлардың кедендік құны Кодекстің 41 – 45-баптарында (2 – 6-әдістер) белгіленген тауарлардың кедендік құнын анықтау әдістерін қолдану арқылы айқындалатын болса тауарлардың кедендік құнын кейіннен айқындау қолданылмайды.
Егер тауарларға арналған декларацияда мәлімделген тауарлардың кедендік құнының алдын ала шамасы туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу кезінде тауарлардың кедендік құны 1-әдісті қолдану арқылы айқындалатын болса, өзгерістерді (толықтыруларды) осылайша енгізу кезінде айқындалған тауарлардың кедендік құнының алдын ала шамасы тауарлардың кедендік құнының алдын ала көлемі шамасы болып табылады.
14. Осы Тәртіптің 3 – 5, 7 және 8-тармақтарында белгіленген талаптар сақталған кезде және осы Тәртіптің 11-тармағында көрсетілген тауарлардың кедендік құнын кейіннен айқындауды қолданбау үшін негіздер болмаған кезде кеден органының лауазымды адамы КОД-1-дің "Кеден органының белгісі үшін" жолында "Тауарлардың кедендік құнының дәл шамасын айқындау __ дейін қалдырылды" деп көрсетеді және осы Тәртіптің 4-тармағына сәйкес айқындалған тауарлардың кедендік құнының дәл көлемін мәлімдеудің мерзімін белгілейді.
V. Тауарлардың кедендік құнының дәл шамасын кедендік бақылаудың ерекшеліктері
15. Тауарлардың кедендік құнының дәл шамасына кедендік бақылау жүргізген кезде кеден органы:
а) КОД-1 есебінің дұрыстығын:
осы Тәртіптің 3-тармағының "а" тармақшасында көрсетілген жағдайда – шартта белгіленген күнгі биржа бағалары (биржалық баға белгіленімі, биржа индекстері) негізінде әкелінетін тауарларға іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаларды;
осы Тәртіптің 3-тармағының "б" және "в" тармақшаларында көрсетілген жағдайларда – шартта белгіленген тәртіпте бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде айқындалған, іс жүзінде тауарлар әкелудің, тауарларды сатудың, өзге де көрсеткіштердің көлемі негізінде әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосымша есептеулердің шамасын;
б) тауарлардың кедендік құнының дәл шамасын есептеу үшін пайдаланылатын мәліметтердің құжатпен расталуын;
в) тауарларға арналған декларацияны түзету нысанының дұрыс толтырылуын тексереді.
16. Есептеу үшін пайдаланылған мәліметтерді растайтын тауарлардың кедендік құнының дәл шамасын мәлімдеген және құжаттарды ұсынған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей тауарлардың кедендік құнының дәл шаамсына кедендік бақылау жүргізудің нәтижесі бойынша кеден органы:
а) егер кеден органы тауарлардың кедендік құнының дәл шамасы туралы мәліметтер анық емес болып табылатынын анықтамаған жағдайда – тауарларға арналған декларацияға түзетулерді тіркейді;
б) егер кеден органы тауарлардың кедендік құнының дәл шамасы туралы мәліметтер анық емес болып табылатынын анықтаған жағдайда – тауарға арналған декларацияда мәлімделген Мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібіне сәйкес тауарларға арналған декларацияда мәлімделген тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы шешім қабылдайды.
17. Егер декларация толтырушы белгіленген мерзімде тауарлардың кедендік құнының дәл шамасын мәлімдемеген немесе оны есептеу үшін пайдаланылған мәліметтерді растайтын құжаттар ұсыныбаған жағдайда, тауарлардың кедендік құнының мәлімделген алдын ала шамасы тауарлардың кедендік құнын кейіннен айқындауды қолданбастан 1-әдіс бойынша мәлімделген тауарлардың кедендік құны ретінде қарастырылады. Мұндай жағдайда тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау Кодекске және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізудің ерекшеліктері туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.