Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Өндірушінің 50-ден аспайтын жолаушыларды тасымалдауға арналған, жабдықталмаған бос аппаратының массасы 2 000 кг жоғары, бірақ 15 000 кг-нан аспайтын, салонында бірнеше жолаушылар креслосының орнына аэропорттардың жердегі құрылғыларын ұшып жүріп тексеруге және әуе трассаларын аралап ұшуға арналған арнайы жабдық орнатылған ұшақ Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8802 30 000 2 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |