Ұшақты Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 24 шілдедегі № 120 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Өндірушінің 50-ден аспайтын жолаушыларды тасымалдауға арналған, жабдықталмаған бос аппаратының массасы 2 000 кг жоғары, бірақ 15 000 кг-нан аспайтын, салонында бірнеше жолаушылар креслосының орнына аэропорттардың жердегі құрылғыларын ұшып жүріп тексеруге және әуе трассаларын аралап ұшуға арналған арнайы жабдық орнатылған ұшақ Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8802 30 000 2 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады