Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №3 қосымша) 9-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі №29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестер тізбесінің 56-позициясы мынадай редакцияда жазылсын:
"56. Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану | 2018 ж. IV тоқсан.". |
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
К. Минасян |