Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген Оларға қатысты Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Оларға қатысты кеден декларациясын беру Еуразиялық экономикалық одақтың "Минералдық тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 039/2016) талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжатты ұсынумен қоса жүретін өнімдер тізбесі бекітілсін.
2. Осы Шешім Еуразиялық экономикалық одақтың "Минералдық тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы" (ЕАЭО ТР 039/2016) техникалық регламенті күшіне енген күннен бастап, бірақ осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 21 тамыздағы № 133 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Оларға қатысты кеден декларациясын беру Еуразиялық экономикалық одақтың "Минералдық тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы" (ЕАЭО РТ 039/2016) техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжатты ұсынумен қоса жүретін өнімдер ТІЗБЕСІ
Өнімнің ауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Сәйкестікті бағалау туралы құжат | Ескерту | |
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. Азотты тыңайтқыш |
2814 20 000 0 ден | минералдық тыңайтқыштың тіркелгені туралы куәлік | ||
2. Фосфорлы тыңайтқыш |
2510 20 000 0 ден |
минералдық тыңайтқыштың тіркелгені туралы куәлік | ||
4. Бірнеше негізгі құнарлы элементтері бар, соның ішінде макроэлементтері және микроэлементтері бар кешенді тыңайтқыш |
2834 21 000 0 ден | минералдық тыңайтқыштың тіркелгені туралы куәлік | ||
5. Микротыңайтқыш |
2810 00 ден | минералдық тыңайтқыштың тіркелгені туралы куәлік |
Ескерту : 1. Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін өнімнің атауын да, ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да пайдалану қажет.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың "Минералдық тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы" (ЕАЭО ТР 039/2016) техникалық регламентінің талаптары органикалық және органикалық-минералдық тыңайтқыштарға қолданылмайды.