Оларға қатысты кеден декларациясын беру Еуразиялық экономикалық одақтың "Минералдық тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы" (ЕАЭО ТР 039/2016) техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжатты ұсынумен қоса жүретін өнімдер тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 21 тамыздағы № 133 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген Оларға қатысты Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Оларға қатысты кеден декларациясын беру Еуразиялық экономикалық одақтың "Минералдық тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 039/2016) талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжатты ұсынумен қоса жүретін өнімдер тізбесі бекітілсін.

      2. Осы Шешім Еуразиялық экономикалық одақтың "Минералдық тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы" (ЕАЭО ТР 039/2016) техникалық регламенті күшіне енген күннен бастап, бірақ осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 21 тамыздағы
№ 133 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Оларға қатысты кеден декларациясын беру Еуразиялық экономикалық одақтың "Минералдық тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы" (ЕАЭО РТ 039/2016) техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжатты ұсынумен қоса жүретін өнімдер ТІЗБЕСІ

Өнімнің ауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Сәйкестікті бағалау туралы құжат

Ескерту

1

2

3

4





1. Азотты тыңайтқыш

2814 20 000 0 ден
2827 10 000 0 ден
2834 29 800 0 ден
3102 ден

минералдық тыңайтқыштың тіркелгені туралы куәлік


2. Фосфорлы тыңайтқыш
3. Калийі бар тыңайтқыш

2510 20 000 0 ден
2835 25 000 0 ден
2835 26 000 0 ден
3103 ден
2827 39 850 0 ден
2833 29 800 0 ден
3104 ден

минералдық тыңайтқыштың тіркелгені туралы куәлік
минералдық тыңайтқыштың тіркелгені туралы куәлік


4. Бірнеше негізгі құнарлы элементтері бар, соның ішінде макроэлементтері және микроэлементтері бар кешенді тыңайтқыш

2834 21 000 0 ден
2835 24 000 0 ден
3105 ден

минералдық тыңайтқыштың тіркелгені туралы куәлік


5. Микротыңайтқыш

2810 00 ден
2827 ден
2833 ден
2840 ден
2841 70 000 0 ден

минералдық тыңайтқыштың тіркелгені туралы куәлік


      Ескерту : 1. Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін өнімнің атауын да, ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да пайдалану қажет.
      2. Еуразиялық экономикалық одақтың "Минералдық тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы" (ЕАЭО ТР 039/2016) техникалық регламентінің талаптары органикалық және органикалық-минералдық тыңайтқыштарға қолданылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады