Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 281- бабының 9-тармағына, 282-бабының 4-тармағының үшінші абзацына және 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 1 қарашадағы "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы су кемелерімен керек-жарақтар ретінде өткізілетін бункерлік отынның мөлшерлік нормаларын айқындау туралы" №131 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 281-бабының 9-тармағына, 282-бабының 4-тармағының үшінші абзацына және 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:";
б) 1-тармақтың бірінші абзацындағы "Кеден одағы Кеден кодексінің 50-тарауының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 39-тарауының" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) 4-тармақ қазақша мәтінде "Баутино"деген сөзден кейін ", Құрық" деген сөзбен толықтырылсын.
2.Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |