Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жылғы 1 қарашадағы №131 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 7 қыркүйектегі № 145 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 281- бабының 9-тармағына, 282-бабының 4-тармағының үшінші абзацына және 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 1 қарашадағы "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы су кемелерімен керек-жарақтар ретінде өткізілетін бункерлік отынның мөлшерлік нормаларын айқындау туралы" №131 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 281-бабының 9-тармағына, 282-бабының 4-тармағының үшінші абзацына және 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:";

      б) 1-тармақтың бірінші абзацындағы "Кеден одағы Кеден кодексінің 50-тарауының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 39-тарауының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) 4-тармақ қазақша мәтінде "Баутино"деген сөзден кейін ", Құрық" деген сөзбен толықтырылсын.

      2.Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады