Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Құрамына белсенді әсер етуші зат ретінде сульфат, аскорбин қышқылы немесе басқа да витаминдер (темірдің сіңуін жақсарту үшін) және дозаланған дәрілі нысан түріндегі немесе бөлшек саудаға арналған нысандағы немесе орамадағы өлшеп оралған көмекші заттар кіретін және анемияның әр алуан түрлерін емдеуге және алдын алуға арналып қойылған құрамында темір бар препарат сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 3004 50 000 қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |