Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Балықтың денесінен алынатын, тазартылмаған немесе тазартылған, химиялық құрамы өзгертілмеген, көп қанықпаған май қышқылдары мен витаминдердің көзі ретінде адам тағамына теңгерімдеп қосу үшін қолданылатын витаминдер қосылған, желатин капсулалардағы балық майы сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 1504 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |