Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес балық майын сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 162 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Балықтың денесінен алынатын, тазартылмаған немесе тазартылған, химиялық құрамы өзгертілмеген, көп қанықпаған май қышқылдары мен витаминдердің көзі ретінде адам тағамына теңгерімдеп қосу үшін қолданылатын витаминдер қосылған, желатин капсулалардағы балық майы сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 1504 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады