Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қанттан және (немесе) қант шәрбаттарынан, желелеуші заттардан, витаминдерден, минералдық заттардан, дәмді-хош иісті және бояйтын қоспалардан тұратын, балалар тағамына қосымша витаминдер мен минералдық заттардың көзі ретінде теңгерімдеп қосу үшін арналған тағамға қосылатын шайнайтын мармелад түріндегі биологиялық белсенді қоспа сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2106 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |