Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тағамға қосылатын шайнайтын мармелад түріндегі биологиялық белсенді қоспаны сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 30 қазандағы № 171 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қанттан және (немесе) қант шәрбаттарынан, желелеуші заттардан, витаминдерден, минералдық заттардан, дәмді-хош иісті және бояйтын қоспалардан тұратын, балалар тағамына қосымша витаминдер мен минералдық заттардың көзі ретінде теңгерімдеп қосу үшін арналған тағамға қосылатын шайнайтын мармелад түріндегі биологиялық белсенді қоспа сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2106 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады