2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне №2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және жою тәртібінің 50-тармағын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 7 ақпандағы "Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 710 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 24 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 1-тармағының "а" тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"пайдалану мақсатында айрықша Беларусь Республикасы шегінде: БКГ1, БКГ2, ЧС4Т электровоздары, ТМЭ1, ТМЭ2, ТМЭ3 маневр тепловоздары, ЭПГ, ЭПР, ЭПРII, ЭПМ, ЭР9 электр пойыздары, ДП1, ДП3, ДР1, МДП, ДР1Б дизель-пойыздары, Dynamic Stopfexpress 09-3X, Duomatic 09-32 CSM, Duomatic 08-32 T, Duomatic 08-32 Center Tool, Unimat Compact 08-275/3S, Plasser 08-275/3S, RM-76 UHR, RM-80 UHR, DGS-62 N, SSP-110 SW, COMPELVAC AC500 RD, MFS-240, SVP-74, SVP-74.1 арнайы теміржол жылжымалы құрамы;";
б) 2 және 3-тармақтардың күші жойылды деп танылсын;
в) 4-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Шешімнің 1-тармағының "а" тармақшасының төртінші абзацында көзделген өзгеріс Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 30 қазандағы № 173 шешімі күшіне енген күннен бастап күшіне енеді".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |