2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Техникалық регламенттерді әзірлеу, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібінің 50-тармағын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағының "Жылжымалы теміржол құрамының қауіпсіздігі туралы", "Жылдамдығы жоғары теміржол көлігінің қауіпсіздігі туралы" және "Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенттерін қабылдау туралы" 2011 жылғы 15 шілдедегі № 710 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 3-тармақ мынадай мазмұндағы 3.3-тармақшамен толықтырылсын:
"3.3. осындай теміржол жылжымалы құрамының тағайындалған қызмет ету мерзімі аяқталғанға дейін осы тармақтың 3.2-тармақшасында белгіленген өтпелі ережелерді ескере отырып 2014 жылғы 2 тамызға дейін пайдалануға енгізілген теміржол жылжымалы құрамына қызмет көрсету және жөндеуге арналған қосалқы бөлшек ретінде әкелінетін теміржол жылжымалы құрамының құрамдас бөлшектері сәйкестігін бағалау құжаттарынсыз айналымға шығаруға рұқсат етіледі.
Көрсетілген теміржол жылжымалы құрамы мыналарды қамтиды:
Беларусь Республикасының шегінде ғана пайдалану мақсатында: БКГ1, БКГ2, ЧС4Т электровоздары, ТМЭ1, ТМЭ2, ТМЭ3 маневрлік тепловоздар, ЭПГ, ЭПР, ЭПРII, ЭПМ, ЭР9 электр поездары, ДП1, ДП3, ДР1, МДП, ДР1Б дизель-поездары, арнайы теміржол жылжымалы құрамы: Dynamic Stopfexpress 09-3X, Duomatic 09-32 CSM, Duomatic 08-32 T, Duomatic 08-32 Center Tool, РТ-800, Unimat Compact 08-275/3S, Plasser 08-275/3S, RM-76 UHR, RM-80 UHR, DGS-62 N, SSP-110 SW, COMPELVAC AC500 RD,MFS-240, GO-4C, MV-94, WM-15S13, MRT, MRT-2, SVP-74, SVP-74.1, PV, PVК;
Қазақстан Республикасының шегінде ғана пайдалану мақсатында: KZ4A, KZ4Aс электровоздары, ТЭ33А, 2ТЭ10МК, CKD-6е (ТЭМ KZ), CKD-9 тепловоздары, PESA-630m рельстік автобусы, TSK (215B, 215A, 216A, 223, 224, 218A), Talgo (F031, F061, 6-шы серия) жолаушылар вагоны, арнайы жылжымалы құрамы: Duomatic 09-32CAT, Duomatic 08-32U, Unimat compact 08-275/3S-16, DGS-90N, PBR-400 U-RS, Plasser Unimat MF, RM-80 UHR, RM-2002, SMD-80, MFS 60-4, ATLAS, ЕМ-120, USP-2005, USP-2005 SW, MRT-2S, BRAD, LFT;
Қырғыз Республикасының шегінде ғана пайдалану мақсатында – ТЭ33А тепловозы.
Құрамдас бөліктерді Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне енгізілген және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тиісті мемлекеттің аумағында осындай құрамдас бөліктерді сәйкестендіруді жүргізу үшін уәкілетті теміржол жылжымалы құрамының және оның құрамдас бөліктерінің сәйкестігін бағалау жөніндегі орган теміржол жылжымалы құрамына қосалқы бөліктер ретінде сәйкестендіруге тиіс.
Сәйкестендіру нәтижелері туралы мәліметтер көрсетілген органның тиісті қорытындысы (актісі) түрінде орыс тілінде және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында тиісті талаптар болған жағдайда осы мемлекеттің мемлекеттік тілінде (мемлекеттік тілдерінде) рәсімделеді, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдарының ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайттарында ашық қолжетімділікте орналастыруға жатады және мыналарды қамтиды:
кедендік жүк декларациясының нөмірі;
тауардың ілеспе құжаттамасының және импортердың атауы;
қосалқы бөлшектердің және оларды өндірушілердің атауы;
ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары;
қосалқы бөлшектер саны;
қосалқы бөлшек орнатылатын осы тармақшаның үшінші – бесінші абзацтарында көрсетілген жылжымалы құрамның атауы, типі, моделі және түрленімі (бар болған жағдайда);
сәйкестендіру белгісі;
сәйкестендірудің берілген қорытындысы (актісі).
Мұндай өнімді Еуразиялық экономикалық одақ нарығында өнімнің айналымының бірыңғай белгісімен таңбалауға жол берілмейді.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден қосалқы бөлшектер әкелінген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында қосалқы бөлшектерге сәйкестігін бағалау туралы құжаттарсыз орнатылған жылжымалы құрамның пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету сұралсын.";
б) 6-тармақ мынадай мазмұндағы 6.4-тармақшамен толықтырылсын:
"6.4. осы Шешімнің 3-тармағының 3.3-тармақшасында көрсетілген теміржол жылжымалы құрамы туралы деректерді кем дегенде 2 жылда 1 рет өзектендіру қамтамасыз етілсін.".
2. Беларусь Республикасы Үкіметінен Беларусь Республикасының шегінде ғана пайдалану мақсатында теміржол жылжымалы құрамына қызмет көрсету және жөндеу үшін қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген теміржол жылжымалы құрамының құрамдас бөлшектерін сәйкестікті бағалау құжаттарынсыз айналымға шығару мақсатында құрамдас бөліктердің және оларды өндірушілердің атауларын, ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын, құрамдас бөліктер орнатылған жылжымалы құрамның типтері мен модельдерін, құрамдас бөліктер көрсетілген ерекшеліктерді, құрамдас бөліктердің санын көрсете отырып, Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 710 шешімінің 3-тармағы 3.3-тармақшасының үшінші абзацында көзделген теміржол жылжымалы құрамының құрамдас бөліктерінің тізбесін Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсыну сұралсын.
3. Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) В.Н. Корешков Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында осы Шешімнің 2-тармағының орындалуы туралы баяндасын.
4. Осы Шешім осы Шешімнің 1-тармағының "а" тармақшасының төртінші абзацында көзделген өзгерістерді қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Осы Шешімнің 1-тармағының "а" тармақшасының төртінші абзацында көзделген өзгерістер Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жеке шешіміне сәйкес күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |