Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №3 қосымша) 9-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестер тізбесі мынадай мазмұндағы ХХІ бөліммен толықтырылсын:
"XХІ. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өнеркәсіптік ынтымақтастықты ұйымдастыруға байланысты процестерді ақпараттық қамтамасыз ету
79. Еуразиялық экономикалық одақтың және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өнеркәсібінің цифрлық трансформациясы шеңберлерінде өнеркәсіптік ынтымақтастықтың цифрлық трансформациясы үшін жағдайлар жасау мақсатында Еуразиялық қосалқы келісімшарт жасасу және технологиялар трансфері желілерінің қатысушылары арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ету |
2019 ж. |
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |