Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестер тізбесіне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 30 қазандағы № 177 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №3 қосымша) 9-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестер тізбесі мынадай мазмұндағы ХХІ бөліммен толықтырылсын:

      "XХІ. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өнеркәсіптік ынтымақтастықты ұйымдастыруға байланысты процестерді ақпараттық қамтамасыз ету

79. Еуразиялық экономикалық одақтың және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өнеркәсібінің цифрлық трансформациясы шеңберлерінде өнеркәсіптік ынтымақтастықтың цифрлық трансформациясы үшін жағдайлар жасау мақсатында Еуразиялық қосалқы келісімшарт жасасу және технологиялар трансфері желілерінің қатысушылары арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ету

2019 ж.
ІІ тоқсан".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады