Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Жылумен өңделген тік бұрышты, сопақ немесе дөңгелек қималы жұқа болат сымнан жасалған, тоттануға қарсы жабындысы бар, шеттерінде төстартқыштың айшанағының төменгі бөлігіне кіретін және бұл бұйымдарда нысан құрушы функцияны атқаратын полимер материалдан жасалған жуан ұштары болатын жарты шеңбер нысанындағы бұйымды білдіретін төстартқыштарға арналған қаңқалар сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 7326 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |