Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде алкоголь және темекі өнімінің ішкі нарығының жұмыс істеуі кезінде бірыңғай тәсілдемелерді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 22 өкімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ХVІІ бөлімінің ережелерін және Тауарлар экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттаманы (көрсетілген Шартқа № 18 қосымша) басшылыққа ала отырып, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 28-бабының 1-тармағын орындау үшін алкоголь және темекі өніміне акциздердің ставкаларын үндестіру, мұндай өнімнің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі айналысының бірыңғай тәсілдемелерін қамтамасыз ету, соның ішінде алкоголь өніміне қатысты қамтамасыз ету төлемін алу кезіндегі бірыңғай тәсілдемелерді әзірлеу мақсатында:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің алкоголь өніміне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізуінің принциптері туралы келісімге, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өніміне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізуінің принциптері туралы келісімге және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде алкоголь нарығын реттеу туралы келісімге қол қоюға кедергі болатын келіспеушіліктер туралы мәселені Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысында қарау үшін ұсынсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың "Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентін қабылдауға кедергі болатын келіспеушіліктер болған жағдайда, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы оларды Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысында қарау үшін ұсынсын.

      3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян В.Матюшевский А.Мамин Ж.Разаков А.Силуанов


О мерах, направленных на обеспечение единых подходов при функционировании внутреннего рынка алкогольной и табачной продукции в государствах – членах Евразийского экономического союза

Распоряжение Совета Евразийской экономической комиссии от 13 июля 2018 года № 22

      Руководствуясь положениями раздела XVII Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года и Протоколом о порядке взимания косвенных налогов и механизме контроля за их уплатой при экспорте и импорте товаров, выполнении работ, оказании услуг (приложение № 18 к указанному Договору), во исполнение пункта 1 статьи 28 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года, в целях гармонизации ставок акцизов на алкогольную и табачную продукцию, обеспечения единых подходов к обращению такой продукции в рамках Евразийского экономического союза, в том числе выработки единых подходов при взимании обеспечительного платежа в отношении алкогольной продукции:

      1. Коллегии Евразийской экономической комиссии представить для рассмотрения на очередном заседании Совета Евразийской экономической комиссии вопрос о разногласиях, сдерживающих подписание Соглашения о принципах ведения налоговой политики в области акцизов на алкогольную продукцию государств – членов Евразийского экономического союза, Соглашения о принципах ведения налоговой политики в области акцизов на табачную продукцию государств – членов Евразийского экономического союза и Соглашения о регулировании алкогольного рынка в рамках Евразийского экономического союза.

      2. Коллегии Евразийской экономической комиссии при наличии разногласий, препятствующих принятию Технического регламента Евразийского экономического союза "О безопасности алкогольной продукции", представить их для рассмотрения на очередном заседании Совета Евразийской экономической комиссии.

      3. Настоящее распоряжение вступает в силу с даты его опубликования на официальном сайте Евразийского экономического союза.


      Члены Совета Евразийской экономической комиссии:

От Республики
Армения
От Республики
Беларусь
От Республики
Казахстан
От Кыргызской
Республики
От Российской
Федерации
М. Григорян В. Матюшевский А. Мамин Ж. Разаков А. Силуанов