2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ХVІІ бөлімінің ережелерін және Тауарлар экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттаманы (көрсетілген Шартқа № 18 қосымша) басшылыққа ала отырып, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 28-бабының 1-тармағын орындау үшін алкоголь және темекі өніміне акциздердің ставкаларын үндестіру, мұндай өнімнің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі айналысының бірыңғай тәсілдемелерін қамтамасыз ету, соның ішінде алкоголь өніміне қатысты қамтамасыз ету төлемін алу кезіндегі бірыңғай тәсілдемелерді әзірлеу мақсатында:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің алкоголь өніміне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізуінің принциптері туралы келісімге, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өніміне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізуінің принциптері туралы келісімге және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде алкоголь нарығын реттеу туралы келісімге қол қоюға кедергі болатын келіспеушіліктер туралы мәселені Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысында қарау үшін ұсынсын.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың "Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентін қабылдауға кедергі болатын келіспеушіліктер болған жағдайда, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы оларды Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысында қарау үшін ұсынсын.
3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян В.Матюшевский А.Мамин Ж.Разаков А.Силуанов